Бағасы арзан, сапасы жоғары өнім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды


Скачать/Жүктеу

Өткен жылы тізгінін облыстық мәслихаттың депутаты Ғаббас Ибраев ұстап отырған «Ибраев+К» өндірістік кооперативінің жанынан «Игеру» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрыл­ған еді. Оның қымыз ұнтағын шығарып алыс шетелдерге жөнелтумен айналыса бастағаны туралы оқыр­мандарымызды бұған дейін хабардар еткен болатынбыз. Енді, міне, сол «Игеру» тағы бір игілікті істі игеріп тас­тады. Яғни, аталған серіктестікке қарас­ты жаңа бір кәсіпорын салтанатты жағдайда ашылып отыр.

Пойыздар мен автомобильдер үшін таптырмайтын қосалқы бөлшек, нақтылап айтсақ, тежеуіш қалыбын шығарумен айналысатын кәсіпорын құрылысы айналасы бір жыл ішінде қатарға қосылды. Оның құрылысына бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Ал бұл қаржы тез арада ақталатындығына мұндағылардың еш күмәні жоқ. Өйткені, бұған дейін әлгіндей қажетті қосалқы бөлшек сонау Украинадан тасымалданып келіпті.

Жаңа кәсіпорынға француз құрал-жабдығы орнатылған. Мұның өзі бағасы арзан, оның есесіне сапалы өнім шығаруға жол ашып отырған көрінеді. Соның айғағындай, біздің өнім Ресей мен Еуропа темір жолында да пайдалануға әбден жарамды дейді жаңа кәсіпорын директоры Ермек Әбдиев. Оның айтуынша, әзірге кәсіпорында жылына мұндай өнімнің 500 данасын шығаруға мүмкіндік бар.

Бүгінгі күні мұнда 40 адам еңбек етуде. Кәсіп­орын өз қарқынына енген соң онда еңбек ететіндер саны арта түспек. Бұл жаңа жұмыс орны деген сөз. Жұмыс демекші, мұндағы қызмет түрлерінің бәрі автоматтандырылған. Яғни, жаңа кәсіпорын Мемлекет басшысының индустриялық-инновациялық бағ­дар­ламасы аясында іске қосылып отыр. Сондықтан мұндай игі бастаманың болашағы зор деп білеміз. «Игеру» алдағы уақытта алыс-жақын шетелдерге қымыз ұнтағымен бірге, өз сұранысымызды игеріп болған соң пойыздар мен автомобильдерге арналған тежеуіш қалыптарын жөнелтіп жатса, қанеки!

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

СЕМЕЙ.


Скачать/Жүктеу

Комментарии отключены.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы