Психология, Педагогика

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

    Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі  сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.

Читать полностью »

ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІ – ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА

Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  нұрлырақ  болуына  ықпал  етіп, адамзат  қоғамын  алға  апаратын  құдіретті  күш тек  білімге  ғана  тән. Қай  елдің  болсын  өсіп  өркендеуі, өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы оның  ұлттың  білім  жүйесінің  деңгейіне, даму  бағытына, тікелей  байланысты. Жалпы  әр  халықтың  ұлттық білім  беруі  сол  елдің  экономикалық  дамуына, халқының  тарихи  тағлымына, мәдениетінің  деңгейіне  сай  болуы  керек. Ұлттың  табиғатына  терең  бойламаған  бәйтерек,тамыры  жер  бетіне  ғана  жайылған  дарақ  сияқты, жел  соқса, шайқалып  жылдам  қопарылып  түседі. Мемлекет  болашағы  бүгінгі  жеті  жасар  ұрпақтын  білімі  мен  тәрбиесіне, іскерлігі  мен  парасаттығына  тікелей  байланысты.

Читать полностью »

ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Біз тасқа қащап салынған суреттерге қарап бейнелеу өнерінің бастауы сонау адам баласы пайда болған кезбен бірге жасасып келе жатқанын байқаймыз. Адам баласының рухани эстетикалық байлығы болып саналатын бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себеп болғаны да даусыз шындық.Бұл адамның айналасындағы ортаны тануына, сана-сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік берген. Ұлттық бейнелеу өнерінің арғы-бергі даму тарихына көз жіберсек, графика, мүсін өнері жарты ғасырдан аса уақыт ішінде ерекше өркендеп, өскенін көресің. Өнер иелері өмір тынысын қылқаламмен, ұшқыр ой желісімен қағаз бетіне түсіру үшін көп ізденістер жасаған. Сөйтіп, Қазақстанның бейнелеу  өнері көп жанрлы өнерге айналған. Құбылыстардың жинақтап, оны қорытып, ирек-ирек иірімдерден көркем образдарға айналдырып, одан соң көрерменге ұсынады.

Читать полностью »

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ

Қазақстан Республикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде халықаралық білім одағына кіруге тырысуда. Білім берудің басты стратегияларының бірі жақсы білім беру дәстүрін сақтау, мектеп және жоғарғы оқу орын түлектерін халықаралық дәрежеде сапалы бағалануы.

Бірақ сол дәрежеге жету үшін әр Қазақстан Республикасының азаматы тарих тереңінде жатқан туған халқымыздың өткен өмірін, кешкен ғымырының кемел болмысын айшықтай білу керек. Туған жеріміздің тарихын, еліміздің маңызды тарихи –мәдени және сәулет ескерткіштерін білуі тиіс.

Читать полностью »

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

     Жалпы суреттің бейнелеу өнеріндегі алатын орны ерекше. Сурет – бейнелеу өнерінің негізі деуге болады. Суретсіз бейнелеу өнерін кескіндеме, сәулет, композиция, мүсін сияқты бейнелеу түрін суреттен тыс қарауға болмайды. Өйткені кескіндемеші де, мүсінші де, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: «Нобай жасау өнері – басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген «Нобай жасау өнері – басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сонымен суретдеген сөзге анықтама берер болсақ, сурет дегеніміз қарындаш, көмір, сангина, қаламыш, арқылы нобай ретінде жеңіл сызып салған шығармасын атаймыз.

Читать полностью »

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

      Қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңаруда. «Білім беру саласын модернизациялау, білімнің базалық құрамдылығын ақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», — деп елбасы Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі болып отыр.

        Ерте кезде қолөнер кәсіпшілігінде шеберлік өнері шеберден оқушыға, көбінемсе күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тікелей ауысып отырған. Ал, қазіргі заманда керісінше – адамға жаңа өндіріс сипатын тез бағытталып, жаңа біліктіліктер мен дағдыларды жылдам үйретіп, әрдайым жаңа технологияны меңгеріп жаңа ақпараттық заман көшіне ілесу қажет. Сондықтан адам баласының «көзі, миы, қолы» міндетте түрде үйлесімді дамуы қажет. Оқушының қандай кәсіпті меңгеруі алдын-ала мәлім емес, бірақ оны ерте кезден, яғни мектепке дейінгі жастан бастап шығармашылық әрекеттерге дайындау қажет, өйтпеген жағдайда көздің көруі мен саусақтар қимылының даму қабілеті төмендейді., өйткені бала қанша жерден зерделі де ынталы болғанымен, кез-келген істе практиканың жоқтығынан өз мүмкіндігін толық игере алмайды. Өйткені тәжірибесі жоқ.

Читать полностью »

ЖОО-ДА ӨТКІЗІЛЕТІН ПЛЕНЭР ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

       Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінен болашақ, бәсекеге қабілетті суретші-педагог даярлау педагогикалық көкейкесті мәселелердің бірі.

    Бейнелеу өнері үрдісінде, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда пленэр практикасының алар орны, атқарар ролі, сурет салу шеберлігін меңгеруде тигізер әсері мол. ЖОО-дағы бейнелеу өнері мамандарының пленэр практикасына өз деңгейінде мән берілмеуі және сағатының қысқартылуы салдарынан, кескіндеме тағы басқа сабақтардың деңгейі төмендеуіне, студенттердің ойлау қабілеттері бәсеңдеуіне ықпал етеді.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы