Халықаралық конференциясының қорытынды құжаты


Скачать/Жүктеу

Су қауіпсіздігі бағытындағы бірлескен іс-әрекеттер — 6-шы Дүниежүзілік Су Форумының кездесуіне арналған

Халықаралық конференциясының қорытынды құжаты

Конференцияға қатысушылар 6-шы Дүниежүзілік Су Форумына дайындық ретінде және Дүниежүзілік Су Кеңесінің маңызды басымдылықтары мен БҰҰ Мыңжылдығын Дамыту Мақсаттары бағдарламасының шеңберінде адам қызметінің барлық саласы мен қоршаған ортаны кепілді және тұрақты сумен қамтамасыз ету саласындағы аймақтық мәселелерді Амудария мен Сырдария өзен аралығындағы су бассейнінде болып жатқан антропогендік әсерлердің жағымсыз зардаптары және климаттық өзгерістерімен қоса жан-жақты талқылады. Аймақтық конференцияға қатысушылар болған мәжілісті есепке ала отырып, келесі шешімдерді қабылдады:

1. Конференция суды табиғаттың сыйы ретінде бағалады. Орта Азияда су ресурстары аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, азық-түліктік пен экологиялық қауіпсіздікте және тұрғындарың денсаулығында, жалпы Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына жетуде ерекше орын алады.

2. Конференция қорытындылары аймақтағы трансшекаралық ағын суларында халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту қажет екендігін көрсетті. Қазіргі климаттық қауіптің жоғары болуы салдарынан, трансшекаралық су ресурстарына тең құқылы болу және суды тиімді пайдалану негізінде қалыптасқан ынтымақтастық тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, аймақта экологиялық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негіз ретінде қызмет ете алады.

3. Бұл контексте аймақ мемлекеттерімен трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану бойынша (1992 жылғы) және халықаралық ағын суларын пайдаланудың кеме жүзбейтін түрлерінің құқықтары туралы Конвенциямен (1997 жылғы) қоса халықаралық құқықтың сақталуына ерекше көңіл бөлінуі қажет., аймақтың барлық елдерінде тұрақты демографиялық өсуіне әкелетін, климаттың өзгеруімен байланысты ғаламдық өзгерістер кезінде су ресурстарын тиімсіз пайдалану ағын судың барлық мемлекеттеріне үлкен залал әкелуі мүмкін.

4. Конференцияға қатысушылар халықтың қажеттілігі (барлығының суға кепілді қол жеткізуі және құқылы болуы) ауыл шаруашылығының қажеттілігі (жерді суландыру желілерінде судың шығындалуын төмендету, бөлу және есептеу жүйесін, сондай-ақ ұқсас және суды үнемдеу агротехнологиясын енгізу) және экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету (су ресурстарының ластануына және әлсіз экологиялық баланстың бұзылуына әкелетін антропогендік қауіптерді төмендету) үшін аймақтың мемлекеттерімен су ресурстарының пайдаланылуының тиімділігін арттыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді.

5. Конференцияға қатысушылар 6-шы Дүниежүзілік Су Форумының аймақтық күн тәртібіндегі келесі аса маңызды мәселелері туралы келісімге келді:

І. Аймақтың барлық елдерімен халықаралық су құқығының нормалары мен қағидаларын қабылдау және оны бұлжытпай сақтау, осыған сәйкес трансшекаралық өзендердің су ресурстары аймақтағы әр бір мемлекеттің территориясында ағын судың басқа мемлекеттеріне залалын тигізбейтіндей пайдаланылуы қажет, ал гидроимараттардың құрылысы трансшекаралық өзендерде тек тәуелсіз халықаралық сараптаманың оң қорытындысы және төменде орналасқан елдердің келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Халықаралық институттардың халықаралық конвенцияға қосылмаған аймақтағы мемлекеттерді қосу бойынша қызметін күшейту қажет.

ІІ. Бірлесіп басқару және трансшекаралық су ресурстары мен су шаруашылығы инфрақұрылымын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында аймақтағы су ресурстарының орынды пайдалану саласында мемлекеттердің қарым-қатынасын нығайту, сумен қамтудың тұрақтылығын арттыру және инновациялық технологияларды енгізу. Су ресурстарын шоғырландырып басқару (СРШБ) қағидаларын енгізу, ирригациялық жүйелерді жетілдіру және қайта жаңарту есебінен ауыл шаруашылығындағы су шығынын қысқартуда оң тәжірибені кеңінен тарату.

ІІІ. Аймақтың қалыпты тіршілік әрекеті үшін трансшекаралық өзендер ағындысының сенімді режимімен қамтамасыз ету, тұрғындардың ауыз судағы қажеттіліктерін және ауыл шаруашылығын да қанағаттандыру.

IV. Ауыл шаруашылығы өнімін өсу кезінде суармалы егістіктің тұрақтылығы есебінен аймақтағы елдерде азық-түліктік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, өсіп-өну кезеңінде жеткілікті су ресурстарымен қамту.

6. Конференцияға қатысушылар халықаралық қауымдастықты және 6-шы Дүниежүзілік Су Форумының қатысушыларын ұсынылған аймақтық күн тәртібі негізінде тұрақты өсу және экологиялық балансты сақтау қағидаларының жылжуына көмектесуге шақырады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы