АДАМ АҒЗАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ИНФРАДЫБЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОТОЛҚЫН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ


Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда  уақыты бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.

Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.

Жұмыс күні бойында ЭМА  осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен  3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы  рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы  300 МГц – 300 ГГц  жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА  энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.

Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы  жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер,  сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың  ауаның химиялық заттармен ластануы.

Клиникасы.

Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді.

Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.

Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық белсенді болып табылады.

Клиникасындағы маңызды орындарға ОНЖ өзгерістер, әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі.

Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық.  Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес: бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.

Аурудың бастапқы кезеңінде астениялық синдром болады, науқастар басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді түрде жүрек аймағында пайда болатын ауырсынулар. Вегетативті симптомдар реакциялардың ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония және брадикардия тән. Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде әкетулерінде, биік, үшкір, ол  клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті дисфункция көріністері болып табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан төмен. Қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда көру және сезу қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін өзгертпейді.

Аурудың шамалы айқын және айқын кезеңінде астеновегетативті синдром немесе гипертония түріндегі НЦД синдром түрінде дамиды. Астениялық синдромдар тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозғыштығымен байланысты    және  ангиоспастикалық реакциялар  және  тамырлардың тұрақсыз гипертензиясымен  көрінетін бұзылыстар. Соңғысы аурудың ауырлығын көрсетеді.

Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен сипатталатын гипталамиялық синдромдар аурудың жекеленген айқын жағдайларында дамиды. Осы науқастарда жоғары қозғыштық, ұйқысының бұзылулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұстама түріндегі бас аурулары мен зардап шегеді, ол жүрек айну, бас айналу, көзінің қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды  қолдарын созған кездегі саусақтар мен қабақтарының  терморы,   гипергидроз анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы қысып ауырсынуларға «ауаның жетіспеушілігі», АҚ жоғарлауы, әсіресе диастолалық (90-95 мм.сын.бағанасынан жоғары), күрт әлсіздік. Ұстамадан тыс уақыттарда науқастар сол жақ қол және жауырынға таралатын жүрек аймағындағы ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия дамиды, ол тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді. Кейде кезеңді түрде пайда болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде  күш түсу, физикалық күш түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды жағдайға ауысқан кездегі    пульстердің айқын лабилділігі, субфебрилитет анықталынады. Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға бейім.  Қалыпты АҚ  бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы күрт систолалық және басым диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясына байланысты, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу естіледі. ЭКГ – да Т тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе екі стандартты немесе сол жақ кеуде әкетулерінде, ST сегменттерінің ығысуларымен. Церебралды криз кезіндегі жеке жағдайларда, жыпылық аритмиясы дамиды, ол қарыншалық экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын жағдайларда атеросклероз, ЖИА, гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.

Гипоталамиялық синдром мидың үлкен шарындағы қыртыстың биоэлектрлік белсенделегендегі өзгерістер түрінде  сипатталынады (ЭЭГ белгілері бойынша).

Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі алмасуларының бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің  — триглицерид, беталипопротеид, холестерин және фосфолипидтердің жоғарлауы, хлорид және кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы гистамин деңгейінің  жоғарлауы.

Шеткі қанда цитопенияға бейімділік, сонымен қатар, эритроциттердің спалы жетіспеушілігі, хромосом аберрациясының жиілігінің жоғарлауы, қан клеткасындағы цитохимиялық өзгерістер (лимфоцит, нейтрофил, тромбоцит және эритроцит), нейтрофилді қатардағы жетілген клеткалар санының азаюы және сүйек миындағы  эритропоэз белгілері.

Көру ағзасы жағынана  баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін. ЭМА әсерінен аз қарқындылықтағы СВЧ  кезінде бұндай өзгерістер анықталмайды. Бірақта ангиопатия түріндегі тамырлардың торлы қабаттарындағы өзгерістер және ретиналды тамырлардың склероз белгілері, кейде макулярлы аймақтағы дистрофия ошақтары болады.

Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен бейспецификалық реакциялар негізінде көрінетін  бұзылыстар зақымданулардың анықталуын қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму процесіне, науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету қабілетіне негізделген. Соңғысына циркуляторлы бұзылыстармен астениялық синдромның дамуы, бас миының биоэлектрлік белсенділігінің өзгерістері, диспротеинемия, дислипидемия, дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық көріністері тән. өзіне тән ерекшеліктеріне пароксизмалды вегетативті – тамырлақ өзгерістер, соматогенді астенияға байланысты, бас миының психогенді немесе  органикалық  бұзылысары тән.

Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық реакциялардың  басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.

Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және седативті ем, витаминді ем (В,С топтары) тонусты жоғарлатын заттар  тағайындалады. Вегетативтік  тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.

Гипоталамиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен, тазепам және т.б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.

Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады.  Наркотикалық препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді.

Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен  сол жұмыстарында қалдырады.

Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек. Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа  жіберілмейді.

Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек.

СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек, ал  УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет  өтіп отыру керек.

         Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы  жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.

         Инфрадыбыстардың  ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады.

Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен. Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды

Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.

Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы төмен жиіліктердегі дыбыстардың  тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері, есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада жағымсыз сезімдер туу мүмкін.

Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты.

Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына байланысты.

Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді.  Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.

Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі  жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы  жатады.

Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады.  Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады.

Емі: симптомды шаралар жүргізіледі.

Алдын алу: жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне  жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.

         Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі  децибелмен өлшенеді.

         Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде.

Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық  әдістермен алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін  алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі  жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады.

Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу  жиіліктері  төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.

Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары  деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы   ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц  дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды.

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі.

Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.

Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:

1)      алғашында — вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады;

2)      шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы;

3)      айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология.

Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары  бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін.

Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде  капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды.

Емі. Вегетативті полиневрит кезінде  емдік шаралар қолданылады.

Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса,  жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді.

Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек.

Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс  басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек.

Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Электромагниттік толқындардың созылмалы әсерінің негізгі клиникалық синдромдары:

  1. буындық, бронхобструктивтік, астениялық
  2. астениялық, астеновегетативтік, гипоталамиялық
  3. кардиалгиялық, тыныс жетіспеушілігі синдромы, абдоминалдық
  4. жүрек жетіспеушілігі, тыныс жетіспеушілігі
  5. гепатолиеналды синдром, сүлелі бүйрек жетіспеушілігі, снемиялық синдром

2. Радиосәулелер толқынын келесі диапазондарға бөледі:

  1. өте төмен және төмен жиілік
  2. өте жоғары жиілік
  3. жоғары жиілік
  4. ультражоғары жиілік
  5. барі дұрыс

 

3. Радиотолқындар қайсысын тудырады:

1.Термиялық эффект

2.Биологиялық эффект

3.Дезадаптациялық эффект

4. бәрі дұрыс

5. бәрі дұрыс емес

 

4. 20-40 КГц жиіліктегі ультрадыбыстық өндірісте дыбыс қысымының рұқсат етілетін деңгейі:

  1. 60-80 дб
  2. 100-110 дб
  3. 200-250 дб
  4. 20-40 дб
  5. 180-210 дб

 

5. Ультрадыбыстың  ұнтақтау (дробление) әсері  қайсысына байланысты:

1. гравитация құбылыстарына

2. кавитация құбылыстарына

3. термоизоляция құбылыстарына

4. бәрі дұрыс

5. бәрі дұрыс емес

 

6. 20-40 КГц жиіліктегі ультрадыбыстық өндірісте дыбыс қысымының рұқсат етілетін деңгейі:

60-80 дб

1.      100-110 дб

2.      200-250 дб

  1. 20-40 дб
  2. 180-210 дб

 

7. Ультрадыбыстың  ұнтақтау (дробление) әсері  қайсысына байланысты:

1. гравитация құбылыстарына

2. кавитация құбылыстарына

3. термоизоляция құбылыстарына

4. бәрі дұрыс

5. бәрі дұрыс емес

 

8. Естілетін ультрадыбыс диапазон жиілігінің инфрадыбыстық ерекшеліктерінің сипатынан айырмашылығы:

  1. үлен толқындардың ұзақтығы және аз тербеліс жиілігі
  2. аз толқындардың ұзақтығы және аз тербеліс жиілігі
  3. үлен толқындардың ұзақтығы және үлкен тербеліс жиілігі
  4. аз тербеліс жиілігі және және
  5. инфрадыбыс естілетін ультрадыбыстар диапазонының жиілігінен ерекшеленбейді

 

9. Инфрадыбыстық тербеліске неғұлым сезімтал қайсысы:

1.жүрек-қантамыр, жүйке және вестибулярлы жүйелері

2.сүйек-буын, тыныс, жүрек-қантамыр жүйелері

3.жүйке, тыныс, асқорыту жүйелері,

4.зәр шығару — жыныс, иммунды, эндокринді

5.вестибулярлы, эндокринді, тыныс жүйелері

 

10. Инфрадыбыс – қай диапазондағы төменгі жиілікті акустикалық тербеліс аймағы болып табылады:

1. 40-Гц

2. 20 МГц

3. 30 Гц

4. 100 Гц-тен жоғары

5. 20 Гц-тен төмен


Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика