Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы

Салық мәні,мазмұны және элементтері

            Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Читать полностью »

Салықтар

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді. 

Читать полностью »

Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы мен дамыту жолдары

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрыңғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер бар.

Читать полностью »

Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы

  «Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы – мәмілелерді жасау мен орындау үшін қолданатын және әртүрлі техникалық шараларда, институттарда,  нормалар мен шарттарда материалданған технологиялар жиынтығы.

Читать полностью »

KASE-тің 2009 жылғы қызметінің қорытындысы жəне 2010 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары

Əлемнің қаржылық нарығына, оның ішінде қазақстанның биржалық нарығына əсерін тигізген былтырғы жыл күрделі жəне алуан түрлі жаңалықтарға толы болды.

2009 жылы отандық қаржылық нарықтың өсу қарқыны мен конъюктурасына əсерін тигізген неғұрлым салмақты факторлар деп қазақстандық қор биржасы (KASE) мыналарды бөлек атайды:

– ұлттық вальютаның девальвациялануы;

– экономиканың түрлі секторларын жəне негізінен екінші деңгейлі банктерді қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы мемлекеттік шаралар;

– қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты қазақстандық компанияларміндетемелері бойынша дефолттар санының өсуі;

– əлемдік шикізет нарығында қазақстандық экспортерлердің өніміне айтарлықтай жоғары бағаның оң əсер етуі;

– халықаралық қор нарығында индекстердің өзгеруінің өсу қарқыны;

Читать полностью »

Бағалы қағаздардың қаржылық талдауы

Қаржылық тәжірибеде тәуекел мен белгісіздік түсініктерін айырмайды. Көбінесе, тәуекелді кездейсоқ жағымсыз оқиғалардың болуы салдарынан  жоғалту ретінде анықтайды. Жоғалту объективтік, яғни сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Мысалға, ақшаның сатып алу қабілеттілігінің жоғалуы иеленушінің іс-әрекетіне байланыссыз. Бірақ, шығындар шешімді таңдау кезінде болады, сондықтан да тиімді шешімді қабылдау қажет. Қаржылық қызметтің бірқатар аяларында тәуекел белгілі бір келеңсіз жағдайдың болу ықтималдылығы деп түсінеді.  Ықтималдылық жоғары болған сайын, тәуекел де жоғары болады.

Тәуекел деңгейі мен көлеміне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Мұндай әсер қаржылық менеджмент әдістері және ерекше стратегия арқылы жүргізіледі.

Читать полностью »

Корпоративті құнды қағаздар нарығы: Мәні және қазіргі жағдайы

Қор нарығының капиталға айналдыруын ұлғайту бойынша күрделі масштабты акциялар, көбінесе акция нарығында, Қазақстанда «голубые фишки» атты бағдарламасынан басталды. «Голубые фишки» бағдарламасы  — қор нарығына мемлекет пакет акцияларын сақтайтын күрделі акционерлік қоғамдардың акциялары туралы Қазақстан Республиксы Үкіметінің «Құнды қағаздармен биржалық сауданы белсенділігі бойынша әрекеттер туралы» 1996 ж. 14 желтоқсанындағы № 1538 қаулысымен анықталған іс-шаралар кешенінің шартты атаулары. Аталған кешен, базалық АҚ тізімін анықтауды және қор нарығы арқылы сатуға жататын мемлекеттік пакет акциясының бөлігі банктерді қоса алғанда басқа да өнеркәсіптік салаларды өзіне қосады.

Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік пакет акциясының бір бөлігі қор биржасында жүзеге асатын шаруашылықты жүргізетін субъектер тізімін бекіту туралы» 1996 ж. 31 желтоқсанда қабылданған № 176 қаулысы мемлекеттік акция пакеттерінің бір бөлігі қор биржасында жүзеге асатын 22 АҚ тізімін және мемлекеттік акция пакетінің ары қарай  бір бөлігі қор биржасында жузеге асырылу үшін сақталынған 34 АҚ тізімін анықтады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы