Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге, мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналып өткізілген «Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі айтарлықтай болды. Мұнда 120-дан астам баяндама тыңдалып, алысты-жақынды шет елдің музыкалық жоғары оқу орындарынан келген 170-тен астам өкіл, ұстаздар қазақтың дәстүрлі музыкасының жанрлық және салалық тұрғыдан өркендеп, классикалық өнермен қатар дами бастағандығына көз жеткізді.
Читать полностью »