ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ (1904 – 1973)


Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Оның алғашқы «Тігін  үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі  адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді. Бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Абай киіз алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері де жетерлік. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шымкенттегі өнер училищесі мен ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы атақты суретшінің атында.

Қ.Алпысбаев


Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика