Ұлпаларда пайда болатын қозу үрдісі тұтасқан, толассыз жүретін құбылыс емес, ол үздік-үздік, белгілі бір ырғақпен туындап отыратын үрдіс. Оның себебі тітіркеністің пайда болып, дамуы кезінде ұлпалардың қозғыштық қасиетінде сатылы өзгерістер байқалады. Ұлпадағы деполяризация нәтижесінде шектеулі қозу пайда болған кезде аз мерзімге қозғыштық жоғарылайды. Шектелген қозу таралатын қозуға айналғанда, натрий иондары жасуша ішіне көп мөлшерде еніп кетеді де, әрекет потенциалының шыңы (спайк) туындайды.
Читать полностью »
Қозу үрдісі, оның даму сатылары
24.10.2011
aslan Қозғыш ұлпа және олардың физиологиялық қасиеттері
24.10.2011
aslan Эволюциялық даму барысында организм ұлпалары терең жіктеліп, жеке мүшелер белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесінде биологияның негізгі талабының бірі — организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау заңдылығы қамтамасыз етіледі. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отыратындықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр болады.
Читать полностью »
Қан споралылар отряды
24.10.2011
aslan Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың, яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады. Читать полностью »
Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері. Иммунитет
24.10.2011
aslan Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады.
Читать полностью »
Қан жүйесі
24.10.2011
aslan Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік Читать полностью »
Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады.
Қан арқылы газдардың тасымалдануы
24.10.2011
aslan Тыныс алу процесіне катысатын екінші газ — көмірқышқыл газының тек қана 2,7 көлем пайызы еріген күйде, 4-5 көлем лайызы гемоглобинмен қосылыс түрінде (НвСО2) тасымалданады да, негізгі бөлігі бикарбонаттарға айналады. Қанда еріген көмір қышқыл газы тыныс алу және қан айналым процестерін реттеуде, капиллярлардағы зат алмасу процестерінде зор рөл атқарады. Читать полностью »
Қан айналу жүйесі
24.10.2011
aslan Қан айналым жуйесінің филогенезіне сипаттама Читать полностью »
Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.

Рубрика: 